Bugin
Фото: darakchi.uz
Бір отбасындағы алты адамның бір уақытта қайтыс болуының құпиясы зерделеніп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі darakchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 2024 жылдың 26 қаңтарында сағат 12:30-да Марғилан қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ерлі-зайыпты Н.М. және З.М., қызы Д.И., 3 немересі тұрғын бөлмелерінде көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.
Тексеру барысында марқұмдар тұрған үш бөлмелі пәтерде мұржа сапасыз материалдан жасалғаны анықталды. Адамдардың қайтыс болуына газ шиісі әсер еткен.
Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, марқұмның өліміне көмірқышқыл газынан жедел улану және жедел жүрек-тыныс жеткіліксіздігі себеп болғаны анықталды.
Оқиға Өзбекстанда орын алған.