Bugin

“Әлемге ескерту”: Құс жолынан біртүрлі құбылыс анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Массачусетс технологиялық институты физиктерінің жаңа зерттеуі Құс жолына қатысты тың дерек тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ferra.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құс жолының гравитациялық орталығының массасы бұрын ойлағаннан аз болуы мүмкін. Бұл қараңғы материя туралы түсінікті қиындатады.

Ғалымдар галактикадағы жұлдыздардың айналу жылдамдығын бақылау үшін Gaia және APOGEE құралдарының мәліметтерін талдады. Олар сыртқы жұлдыздар күтілгеннен сәл баяу айналатынын анықтады.  Бұл галактикалық ядроның салмағы жеңіл екенін көрсетеді. Жаңалық ғаламдағы материяның шамамен 85% құрайтын гипотетикалық субстанция – қараңғы  материяның бар екендігі туралы бұрынғы бақылауларға қайшы келеді. Қараңғы материя жарықпен әрекеттеспейтін бөлшектерден тұрады.  Бұл оларды телескоптарға көрінбейтін етеді.

Жаңа тұжырымдар қараңғы материя мен Құс жолының құрылымын түсінуімізге маңызды әсер етуі мүмкін. Зерттеушілер қазір жоғары сапалы модельдерді пайдаланып галактиканың динамикасын модельдеуде.