Bugin

“Терең құдыққа секірген”: Інісін өлімнен құтқарған қыз оқиға қалай болғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Түркістан арнасындағы “Бөлексің” бағдарламасында кішкентай қыз бауырын қалай аман алып қалғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс оқиға туралы жасы үлкен Арайлым былайша әңгімеледі: 

"Менің есімім Арайлым. Жасым  - 11-де. Үй жинап жүрген едім. Жұлдызай жылап келіп, “Мирас құдыққа түсіп кетті” деді. Жан пәрменіммен жүгіріп бардым. Тұншығып жатыр екен. Көрген кезде қорықтым, аман қалмай ма деп. Өзіміз құтқара алмайтынымызды біліп көршіге жүгіріп кеттім”,-дейді .

8 жастағы Жұлдызай суға секіріп, інісін құтқарып қалған. Құдықтың тереңдігі – 8 метр болған екен. Кейін үлкендер көмекке келіп, арқанмен екі баланы судан шығарып алған.