Bugin
Фото: Видеодан скриншот
Gibocars негізін қалаған Бағдат және Ғибадат есімді азаматтар бірігіп ауылына жедел жәрдем көлігін сыйға тартқан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі жігіттердің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Көлікті Оңтүстік Кореядан Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылына сыйға тартқан. Көлікті аудандық аурухана меншігіне өткізіп берген. Көлікті Қазақстан номеріне тіркеу үшін мемлекетке 9 миллион 230 мың теңге беруі қажет. Ауылда ескі УАЗ маркалы автокөлік елге қызмет етіп жатыр екен. Автор су жаңа көлікті ауыр жүк көлігі ретінде қарастырғанына қарсы. Себебі ол жүк тасымайды. Адам тасиды. Тым құрымаса, 3 миллион 500 мың болса да өзіміз шешер едік. Мемлекет 2500 АЕК көлемінде ақы сұрап тұр дейді ренішін білдірген жігіт.