Bugin

Жантүршігерлік ұшақ апатынан жеті бірдей адам мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Royanews

Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Минас-Жерайс штатында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Royanews сайтының мәліметінше, ұшақ 13:30 (GMT) шамасында құлап, Итабира тау-кеншілер қаласында ауада жарылып кеткен.

"Өрт сөндірушілер ұшақ бортында болған жеті құрбанның денесін тапты", - делінген хабарламада.

Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік азаматтық полиция сарапшылары әуе апатын тергеу және алдын алу орталығының қызметкерлерімен бірге оқиға себебін анықтап жатыр.