Bugin
Фото: depositphotos.com
Астанада 11-сынып оқушылары 8-сынып оқитын қызға зорлық-зомбылық көрсеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы NewTimes.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
NewTimes.kz сайтының редакциясына оқырман хабарласып, қызы зәбір көрсеткендермен бір мектепте оқып жатқанын айтқан. Анасының айтуынша, бітіруші түлектер қызын зорлап кеткен.
Әзірге толық ақпарат жоқ
"NT редакторлары елордалық полиция департаменті мен білім басқармасынан түсініктеме сұрады. Білім басқармасының баспасөз қызметі бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Тергеу барысында басқа ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді", - делінген ақпаратта.
Сайт мәліметінше, Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлаған. Бірақ олар ресми өтінішпен хабарласуды талап еткен.