Bugin

"Нағашысы зорлаған": атақты тұлғаның қилы тағдыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек

Бүгін әлемге аты әйгілі тележүргізуші Опра Уинфридің туған күні. Осыған орай Bugin.kz тілшісі журналистің қилы тағдыры туралы мәлімет ұсынады.

Опра жалғызбасты ананың қалаусыз баласы болды. Оның үйі де, отбасы да болмаған. Қиындыққа толы балалық шағы оны әлемге әйгілі Опра Уинфриге айналдырды.

Опраны 6 жасына дейін әжесі тәрбиелеген. Әжесі жазу мен оқуды үйретеді. 6 жасында анасы Опраны өзінің қамқорлығына алады. Алайда ол анасының мейіріміне бөленбейді. Анасы үйіне қондырмайды. Опра үйінің кіреберсінде жатты, кейде достарының үйін паналайтын. 

Ең сұмдығы, Опраны 9 жасында немере ағасы зорлайды. Қыз ешкімге айтпасын деп оны балмұздақпен алдаған. 

Осыдан кейін бойжеткен жиі зорлыққа ұшырайды. 14 жасында жүкті болып қалған соң, анасы үйінен қуып шығады. Сосын әкесінің жанына көшеді. Опра талай рет өзіне қол жұмсамақ болған. Баласы шетінеп, өзі аман қалады. Осыдан кейін бала көтере алмайды. Бұл жағдай оның жаңа өмір бастауына әсер еткен. Опра телеарнада жұмыс істейді. "Опра Уинфри шоуы" оның әлемге әйгілі етеді. Атақты шоу әлемнің 164 мемлекетінде көрсетіледі.

Бүгінде Опра Уинфридің қайырымдылық қоры және журналы бар.

 

Материалды дайындаған: Ғайнижамал Арыстанбек