Bugin
Фото: pexels.com
Павлодарда 48 жастағы тұрғын көп қабаттың үйдің оныншы қабатынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Ол дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған. Бұны "103" қызметінің баспасөз қызметі растады.
Оның жоғарыдан құлаған сәтін сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі бейнежазбаға түсіріп алыпты. Бейнеден оның сымға ілініп біраз уақыт тұрғаны байқалады.