Bugin

Танымал спортшы Майя Манезаның жолдасы өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:goodhouse.kz

Зілтемірші Майя Манезаның күйеуі, әлем чемпионатының қатысушысы, Азия ойындарының чемпионы Вячеслав Ершов қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

"2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Вячеслав Ершов қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Вячеславтың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", – делінген желідегі жазбада.

Марқұм Вячеслав Ершов пен Майя Манеза 2013 жылы отау құрған. Екі баласы бар. Алайда спортшының неден қайтыс болғаны белгісіз.

Еске сала кетейік, Майя Манеза 2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы болған. Дегенмен спортшы допинг дауына ілініп, оның нәтижесін ХОК жоққа шығарды.