Bugin

Шетелдегі қарагөз қазақ жігітіне тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Париждегі қазақ қызы өзге шетелдік азаматқа емес, қазақтың қара домалақ баласына тұрмысқа шыққысы келетін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Шетелде өмір сүретін қазақ қызы Рәбиға "Шет елдегі қазақтар" бағдарламасында жан-сырын бөлісті. Францияның Wittivio компаниясында продукт-менеджер болып жұмыс істейтін бойжеткен қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, бақытты ғұмыр кешкісі келеді.

"Менің болашақ жарым қазақ болады деп сенемін. Қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақ мұрагерлігін, ұлтты жалғастырғым келеді. Себебі Францияда жүріп, өз елімнің нағыз патриоты екенімді ұқтым. Мен әйел ретінде өзіне сенімді қазақ жігітімен отбасы құрғым келетінін түсіндім. 

Рәбиға өзге елде жүріп, қателесуден қорықпау керегін түсінген. Бойжеткен әр қателіктен өмірлік сабақ алып, тәжірибе жинағанын айтады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: бейнеден алынған