Bugin
Фото: bangkokbook.ru
Таразда қоғамдық көлік жүргізушісі жол ережесін бұзып, жаяу жүргіншіні жазым етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ktk.kz-ке сілтеме жасап.
29 қаңтарда Төле би даңғылымен жүріп келе жатқан маршруттық автобус жүргізушісінің салғырттығы адам өліміне әкеп соқты.
"Полиция қызметкерлері адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша соталды тергеуді бастады", - деп хабарлайды Тараз ПД баспасөз қызметі.
Автобус жүргізушісі қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушіге қатысты сот сараптамалары тағайындалды.