Bugin
Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді. Бұл жолы жер дүмпулері таңға жуық болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz-ке сілтеп.
Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында болған сілкініс сағат 03:03 кезінде тіркелген. Афтершок Алматы халқына сезілмеді.
Зілзаланың энергетикалық санаты –10.5. MPV магнитудасы – 4.5 болса, тереңдігі – 10 шақырым.
Екіншісі тербеліс таңғы 04:27 кезінде Қытай аумағында тіркелді. MPV магнитудасы – 5.8, тереңдігі – 10 шақырым болған сілкініс 293 шақырымдағы Алматыға 2 балл көлемінде сезілді.
Фото: kyrtag.kg