Bugin

Бір айға жуық уақыттан соң шұңқырға құлаған автобустың тек бір бөлшегі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде қазу, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 4 қаңтар күні шұңқырға құлаған автобустың бүгінде тек дөңгелегі ғана табылды, деп хабарлайды Bugin.kz ақпараттық порталы.

Павлодар облысының басшысы Асайын Байханов Майқайыңдағы апатқа қатысты жазба жариялады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Майқайыңдағы жағдайды баяндады. Әкімнің сөзінше қазір шұңқырдың түбіндегі шағын экскаватормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмысқа кіріскен.

"Мен қазір оқиға орнындамын. Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті. Қазіргі уақытта бұл шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмыстары жалғасуда", - деп жазды Павлодар облысының басшысы.