Bugin
Фото: nurgaiv_aisholpan парақшасынан алынды
Әлемге қазақтың құсбегілік өнерін танытқан Айшолпанның отбасы Қазақстанға көшіп келді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі оның парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол:
"Көптен бері ойымда жүрген бір мақсатым бар еді. Оны тіпті сұхбаттарда да айтатын едім. Бұл мақсатыма жеткен соң, көңілім орынына түсіп, жаңа мақсаттарға жол ашылатынын білдім. Міне, бүгін сол күн туды. Аллаға шүкір, отбасым өз отандарына аяқ басып, көшіп келіп, қонысты болып жатырмыз. Ішімде болып жатқан эмоцияны жеткізу мүмкін емес. Қазақстанға оқуға келгенде, "шіркін, ата-анам да бірге келсе ғой",-деп едім. Қазір, жай ғана өз атамекеніне оралған ата-ана, бауырларымды көріп, бақытты болып отырмын. Маған қолдау көрсеткен сіздерге көп рақмет",-деп жазды.
Айшолпан Моңғолияда дүниеге келген. Әлемдік ақпарат агенттіктері Айшолпан мен бүркітіне арнап материал жазса, таспагерлер оған арнап фильм түсірген. Жігері мықты қыздың рухынан шабыттанып танымал әнші Sia Айшолпанға ән арнаған.