Bugin

"Адамдарды автоматпен атып өлтірген": түрін өзгерткен қылмыскер 26 жылдан соң ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы мүшесі 26 жылдан соң ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Банды мүшелері төрт кісі өлтіру, жүргізушілерді тонау, экономикалық контрабанда және билік өкілі немесе шенеунік атағын рұқсатсыз беру фактілері бойынша айыпталған. Бұл топ өз қылмысын 26 жыл бұрын жасаған.

1998 жылы  полиция киімін киіп, автоматпен қаруланған қылмыскерлер жолда көлік тоқтататын болған. Тоқтаған көлік жүргізушісі мен жолаушыларын атып, мәйітті орманға жасырған.  Заңсыз иемденген көліктерін сатып отырған.

1999 жылы төрт қылмыстық топ мүшесін полиция қызметкерлері ұстады. Кейін сот үкімі бойынша олардың екеуі өлім жазасына, қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Топтың ұсталмаған мүшесі түрін өзгерткен. Сондай-ақ туған жылын, құжаттағы есімін, тегін ауыстырған. Ол Көкшетаудан ұсталды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.