Bugin

Шымкентте жоғалып кеткен 8 жасар баланың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Шымкентте 8 жасар мектеп оқушысы достарымен аулада ойнау үшін үйден шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, туыстарының өздігінен іздегендері нәтижесі болып, полиция көмегіне жүгінген. Патрульдік полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кіріскен.

Тәртіп сақшылары мекенжайға іргелес жатқан аумақты түгел қарап, көршілерінен жауап алған. Соның нәтижесінде бала бір жарым сағаттан кейін табылады. Ол ата-анасына ескертпей досының үйіне кеткен.

"Ұлым түнгі сағат 12:00 шамасында үйден шығып кетті. Бірнеше сағаттан кейін біз оны іздей бастадық. Содан кейін 102-ге хабарластық. Қызметкерлер дереу жетіп, ұлымызды аман-есен үйге қайтарды," - деп баланың әкесі полицияға алғысын білдірді.