Bugin

"Халық қорқады": ақтөбелік көріпкел Алматыдағы жер сілкінісі туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Ақтөбелік көріпкел келіншек Алматыдағы жер сілкінісі туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзін көріпкелмін деп таныстыратын келіншек Kyn.kz редакциясына Алматыда жер сілкінетінін алдын ала білгенін айтқан.

"Тура қазір қауіп жоқ. "15-і болады" деп даурыққан кезде біздер шырақ жақтық. Ата маған "Шырақ жақ" деп аян берді. Шырақ жаққанда күліп-ойнап, бата қылдық. Ол кезде менің аузым дуалы ғой. "Қытайда болсын ба? Айдалаға көрінсін деп оқиық",- деп аузыма өзі келді. Ошағы 10 балл болды. Расымен, айдалаға көрінді. Енді болмайды. Ең қиынын өткердік, бізге 6 балдан сәл асып көрінді",-дейді ол.

Сонымен қатар келіншек енді қорқудың қажеті жоқ екенін жеткізген.

"Атаның айтқаны енді болмайды. Қазір болса, 2-3 балл болады. Шырақты елмен бірігіп жақтық. Шыраққа әйел адамның қолын аспанға көтерген бейнесі түсті. Тілегіміз қабыл болды. Өткен жексенбі сиыр сойып, құран оқытыңдар деген аянмен ел болып, садақа бердік. Енді мүлде қорқудың қажеті жоқ. Бастысы, әруақтар қолдап, осы бір ауыр сәт жеңілімен келіп, аман өттік.

31-і күні шамалы сезіледі. Шамалы халық қорқады. Бірақ олай дабыра қылатын қауіп-қатер жоқ. 1 ақпаннан бастап тыныштық орнайды",-дейді ақтөбелік тұрғын.