Bugin

Қарағанды облысындағы жарылыста мерт болғандардың кім екені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kazinform

Үйінді астында мерт болған екі адам полиция қызметкерінің әке-шешесі болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Бүгін түнде Қарағанды облысының Ботақара кентінде көпқабатты үйде газ баллоны жарылған еді. Үйінді астында қаза тапқан екі адам ерлі-зайыпты 50 жастағы Төлеген және 49 жастағы Алма Рахметовтер екені анықталды. Олар полицейдің ата-анасы болған.

"Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі, Бұқар Жырау аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Төлегенұлы Тұрсынбековке ата-анасы Төлеген Тұрсынбекұлы мен Алма Рахметованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.