Bugin

“Ұяттан өртеніп жүрген шығарсың”: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы анасын айтып жылап қалды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

6 жасында шетелдіктер асырап алған Динара тастап кеткен анасына сәлем жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз. 
Қостанайлық Динараны Джорджия штатында тұратын ерлі-зайыпты асырап алған. Бірақ Динара есейе келе, асырап алған ата-анасы да ажырасып кеткен. 


"Сондай күйзелістегі уақыт болды. Бірақ қазір бір нәрсеге көзім жетеді. Анам да, әкем де бақытты",- дейді ол. 
 

"Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасында Динара өзінің туған анасына сәлем жолдаймын деп жылап қалды. 

"Сәлем, мама! Мен сені қатты жақсы көремін. Қайда екеніңді білмеймін. Мүмкін, жұмақтасың, мүмкін, тірісің. Қайда болсаңда менің ішімдесің, жүрегімдесің",- дейді ол.