Bugin
Фото: pexels.com
Оралда тұрғын бойжеткенді жезөкше болуға мәжбүрлеп келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген облыс орталығының тұрғыны ұсталған.
Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды",- делінген хабарламада.