Bugin
Фото: "Koremiz" бағдарламасынан
Зейнет жасындағы қария көршісіне жыныстық зорлық көрсетіп, тіпті қолын пешке күйдірген деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап.
Бағдарламаның кезекті санына Алматы облысы, Қошмамбет ауылының тұрғыны Қалияш Сәрсенбаева есімді ана арызданып келген. Оның айтуынша, 60 жастағы көршісі 7 жастағы баласын қорлаған.
Балам қорқып қалған. Айтсаң, анаңды да, өзіңді де өлтіремін деп қорқытқан. Жұмыстан кешкі сағат 8-де келдім. Үйге кіргенде, балам партаның астында жатыр екен. Жарықты өшіріп тастаған. Нұрдаулет деп дауыстап шақырып, баламды іздедім. Партаның астында бүрісіп жатыр екен, өзі көкпеңбек болып кетіпті. Қорқып кеттім. "Аузымнан да, артымнан да зорлап кетті. Кешегі шал тағы келді. Терезеден түсті" деп айтты ұлым, - дейді баланың анасы.
"Балам жәбір көрді" деген ана полицияға шағымданған. Сараптама нәтижесінде кішкентай баланың тік ішегі жарақат алған, анальды аймақ жыртылған, төменгі ерні соққы салдарынан көгергенін көрсетті.
Бала түсініктемесінен соң азғын көрші қамауға алынды. Бірақ дәлел жеткіліксіз болғандықтан, күдікті азаматты босатып жіберген. Көктеубай Мәмбеталиевтің жазықсыздан "күдікті" деп танылғанын айтып, айыптың бәрін “жала” деп отыр.
Түнде ұйықтап жатқанымда екі милиция үйге келіп, мені алып кетті. Өзім түсінбей қалдым. Көрші келіншек баламды зорлады деп шағымданғанын айтты. Баланың ішегі үзіліп кеткенін естідім. Демек оқиға болған. Соны жасаған адамды тауып, соттатсын. Басқа қылмыс істесем де, ондай қатігездікке бармаймын. Барлығын тексерді, аузымнан сілекейімді алды, қанымды алды. Ешқандай дәлел таппағаннан кейін босатты. Болмаған істі болды деп отыр, – дейді ол.
Бағдарлама сарапшыларының пікірі жан-жақты болды. Бірі бұл жағдайға "кінәлі - анасы" десе, өзгесі "балаларды бақылап, зәбірдің алдын алу керек" дейді.
7 жастағы баланы қорлаған адамды табу үшін полиция мән-жайды анықтап жатыр.