Bugin

Жаңа жылдық сыйлық. Астаналық тұрғын Президенттен бағалы зат алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Ана мен бала орталығына" науқастардың жағдайымен танысып, мерекеге құтты болсын айтып барды. Орталықта ем алушылардың бірі мерекелік сыйлыққа "сау бүйрек" сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz ақпараттық порталы.

Президент: «Жаңа жылға қандай сыйлық қалайсың?» - деп сұрады. Әнел ауруынан айығуды, сау бүйрек табылуын сұрапты. Президент армандарының орындалуын, сәттілік тіледі. Тура бір жылдан кейін 2023 жылы 30 желтоқсанда қызымның қан тобына сәйкес келетін донор табылды. Бірден сәтті ота жасалып, өзі қалағандай нағыз жаңажылдық сый болды. Әрине, Президентпен кездесу басқа науқастардың алдында менің қызыма еш артықшылық берген жоқ, өзімізге сай келетін бүйректі сабырмен күттік, біз мұны тек жақсы ырым, жақсы тілектің орындалуы деп бағаладық, - дейді Әнелдің анасы Динара Дінекешева. 

13 жастағы Әнел Дінекешева Президенттен бүйрек сұрап, ерекше есте қалды. Жақында науқас Әнелдің қан тобына сәйкес келетін донор табылып, бүйрек отасы сәтті жасалды. Оған 1980 жылғы әйелдің ағзасы салынған.

Бүйректің иесі инсульт алғаннан кейін оянбаған. Ал туыстары әйелдің жақындары жарамды ағзаларын басқа науқастарға беріп, донорлыққа келісім беріпті.

Әнелге жаңа жылдық сыйлығы да оңай жеткен жоқ. Себебі ұшақ ұшуы тиіс күні боран болып, хирург-трансплантологтер пойызбен жол жүруге мәжбүр болған. 14 сағаттан кейін ағзалар Астанаға жеткізіліп, бір бүйрек Әнелге салынды.

1980 жылғы марқұм павлодарлық әйелдің жарамды деп танылған екі бүйрегі, өкпесі, бауыры мен жүрегі басқа науқастарға беріліп, бірден бес адамның өмірін ұзартуға себепші болған.