Bugin

Өзбекстан халқы 36,8 миллионнан асты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Өзбекстан халқының саны 36,8 миллион адамды құрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Статистика агенттігінің мәліметіне сүйеніп.

Көршілес Өзбекстан мемлекетінде 2024 жылдың 1 қаңтарындағы ақпарат бойынша 36,8 миллион адамның тұратыны анықталды. Бір жылдың ішінде халық саны 774,9 мың адамға өскен.

Өзбекстан Республикасында әйелдерге қарағанда ер адамдар көп екен. Ерлер саны - 18,5 млн болса, 18,3 млнға жуық әйел бары белгілі болды.

Ал мемлекеттегі қала халқы – 18,8 млн адам; ауылда тұратындар – 18,0 млн адам;

Елге көшіп барғандар саны - 218 800 адам болса, Өзбекстаннан 233 200 адам көшіп кеткен.