Bugin
Фото: epositphotos.com
Астанада 8-сынып оқушысын зорлаған жасөспірімдер қамауға алынды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпарат бірінші әлеуметтік желілерде тарады. Кейіннен оқиғаны полиция да растады. Астана қалалық полиция департаменті “сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бабы бойынша тергеуді бастағанын хабарлады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева да бұл ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
Күдіктілер ұсталды. Уақытша ұстаут изоляторына жабылды. Қазіргі таңда Закиева жәбір көрген қыздың анасымен байланыста. Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Оқиға қалай, қайда орын алғаны әзірге белгісіз.