Bugin

“Ақша бопсалаған”: Танымал блогер 5 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

2024 жылдың 29 қаңтарында Нишон аудандық сотында А.Абжалиловқа қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы аяқталды. Сот үкімі туралы Bugin.kz тілшісі darakchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарияланған сот үкімімен А.Абжалилов Қылмыстық кодекстің 165-бабының (қорқытып алу) 2-бөлігінің “а”, “в” тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тағайындалған жазаны жалпы тәртіптегі колонияларда өтеу туралы шешім қабылданды.