Bugin
Фото: Bugin.kz
Полиция қызметкерлері қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Орал қаласының тұрғынын анықтады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Оралда ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген күдікті құрықталды. БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жағдайды анықтады.
Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.