Bugin

"Алғашқы неке түні қайтыс болды": 40 жастағы ер адам 8 жастағы қызбен некелескен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Йеменде 8 жастағы қыз неке түнінде қайтыс болды. Ол өзінен 5 есе үлкен 40 жастағы ер адамға тұрмысқа шыққан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі spr.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз ер адаммен жыныстық қатынасқа түсу нәтижесінде алған ішкі жарақаттан қайтыс болған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары ер адамды жазалауға шақыруда.

Ливан басылымы қайғылы жағдайдың Йеменнің солтүстік-батысындағы Хард ауылында болғанын жазады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қорының мәліметі бойынша, 2011-2020 жылдар аралығында 140 миллионнан астам қыз ересек еркектерге тұрмысқа шыққан. Оның ішінде 50 миллион қыздың 15 жасқа толмағаны атап өтілді.

Йеменде қыздардың 25 пайызы 15 жасқа дейін тұрмысқа шығады. Елде тиісті медициналық көмек жоқ. Бұл өлім-жітімнің жоғары болуына әкеледі. 8 жастағы қыздың өлімі резонанс тудырып, барлық құқық қорғау ұйымдары істі назарда ұстап отыр.