Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: бағдарламадан скриншот
"Көреміз" бағдарламасына Мағжан есімді азамат 5 баласын келіншегі тастап кеткенін айтып арызданды. Айтуынша, келіншегі Ақтауда жас жігітпен той жасап, шаңырақ көтерген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Мағжан есімді азамат 22 жасында 15 жастағы бойжеткенмен отбасы құрған. Отасқанына 8 жыл болғанда келіншек 5 баласы мен жұбайын жас жігітке айырбастаған. Күйеуіне белгісіз ер адам 2 айдан бері әйелімен жүретінін айтып хабарласқан. Әйелі сол күні Мағжанға “қош бол” деп айтып оралмаған.
Әйелі 5 баланы қарауына алған. Пәтері салқын болғандықтан, балалар ауырып қала берген. Мағжан балаларды сол себепті қарауына алыпты. Әйелі 2-жұбайымен жаллдамалы пәтерде қалған. Мағжан балаларына күтуші жалдап қаратып жатыр.
Келіншек те бағдарлама студиясына келіп өз шындығын айтты. Заңды некеге тұрмаған жұп тек 3 баланы әкенің атына рәсімдеген. Соңғы 2 бала әйелінің атында.
“Балалықпен тұрмысқа шықтым. Әкемнің әпкесі араға түсіп, қашырып жіберді. Тек 2 рет телефонмен сөйлестік. 9-сыныптан соң отбасын құрып кетті. Әкемнің туыстарының үйінде тұрған едім. Сыйдырмай тұрмысқа беріп жіберді. Мағжан қол көтерді. Бірақ ұрғанымды білмеймін деп ақталатын. Туберкулезбен ауырады екен. Оны айтпай үйленді. Төмпештеп, аузымнан қан шыққанша, ұратын. Туыстарымды шақырсам, көндіріп тастап кетті”,-деп мұңын шақты.
Ер адам ұратынын мойнына алып, өзінің қыздары күйеуінен таяқ жегенін қаламайтынын айтты.
Келіншек 5 баласын қолына алатын болды. Ер адам жауапкершіліктен қашып бес баласын да мойындамай қиғылық салған. ДНК сараптамасы тағайындалып, келесі бағдарламада балалардың әкесі кім екені айтылатын болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61