Bugin
Фото: baq.kz
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың түрмедегі өмірі туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kazinform сайтына сілтеме жасап.
Министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Бишімбаев ісі бойынша тергеудің аяқталғанын мәлімдеді.
"Іс аяқталды. Қазір материалдармен танысу жүріп жатыр. Содан кейін сотқа жіберіледі. Оның процесі мынадай: зардап шегуші де, күдікті тарап та танысады. Меніңше, процесс аяқталып қалды. Тергеу толығымен аяқталды. Іспен танысып болғаннан кейін прокуратураға жібереміз", - деді.
Түрмеде отырған Бишімбаевтың жағдайын да атап өтті.
"Барлығына бірдей жағдай жасалған. Ол тұтқынға алынды. Сондықтан жалпы негізде, өзгелермен бірге отыр. Денсаулығында бәрі дұрыс", - деді Ерлан Сәденов.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Астанадағы "Бау" мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев келіншегі Салтанат Нүкенованы өлтіргені хабарланған.