Bugin

"Ол бұған лайық емес": жалған жала жабылған такси жүргізушісі үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скрин / bugin.kz

Қостанайда әйел жалған жала жапқан такси жүргізушісі әлеуметтік желідегі парақшасында үндеу жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бердіғожинов Әлішер есімді азамат осы оқиғада өзін қолдаған жандарға алғыс білдірді. Сонымен қатар әйелдің жақындары бұл жағдайда буллинг көрмеуі керегін атап айтты.

"Мен бұл видеоның тарап кеткенін қаламадым. Таныстарыма жіберген едім. Біреу әлеуметтік желіге салып жіберген. Ешкімге ренжімеймін. Ешкімнен кешірім де сұрамаймын, ол бұған лайық емес. Болашақта барлық жағдайға дайын болыңыздар. Ең басты түсінгенім, Жаратушы алдында менің арым таза", - деді такси жүргізушісі.

Еске салсақ, қостанайлық әйел өзін такси жүргізушісі қорлады деп жала жапқан еді.  Одан соң әйелге айыппұл салынғаны хабарланған.

ВИДЕОНЫ МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ.