Bugin

"Арасында бала бар": Жамбыл облысында 26 көлік жан түршігерлік жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скрин

Бүгін Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының маңындағы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолында 26 көлік соқтығысты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, оқиға бүгін сағат 10:47-де болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл көліктер жол апатына ұшырады.

"ЖКО салдарынан қаза тапқандар жоқ. Б.Момышұлы ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен 25 адам жүгінді.

Тараз қаласынан 593-тен 534 шақырымға дейінгі бағыттағы автожол екі жағынан да жабық. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр" делінген хабарламада.

ZTB сайтының мәліметінше, осы жол апатынан 25 адам ауруханаға түскен. Соның ішінде бір бала бар.

ВИДЕОНЫ МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ.