Bugin

"Маңызды күн": Димаш Құдайберген мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Құрметті достар, сүйікті Dears! Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Себебі біз жетінші мерейтойымызды атап өткелі жатырмыз! Өздеріңіз білесіздер, 7 саны қазақ халқы үшін қасиетті сан. Сондықтан мен сіздермен бірге болған 7 жылымның әрбір сәтіне шексіз ризамын", - деп жазды әнші жазбасында.

Сонымен қатар әнші жанкүйерлерінің қолдауына алғыс айтты.

"Мен өзімнің шығармашылығымды сіздермен бөлісіп, паш ете алатынымды және сіздермен бірге керемет естеліктер жасағанымды мақтан тұтамын. Қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Әрқашан бақытты болыңыздар! Алдағы болатын концертімде кездескенше!", - деп жазды Димаш Құдайберген.