Bugin
Фотоколлаж: bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек
Бюджеттен бөлінген 1 миллиард теңгеге Алматыда жер сілкінгенін алдын ала хабарлайтын дабыл станциялары алынбаған болуы мүмкін. Бұл туралы "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Дидар Смағұлов "Сұрауы бар" YouTube жобасында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қоғамдық бірлестік директоры жер сілкінісіне қатысты бірнеше қатені атап айтты.
"Бірінші кезекте, Төтенше жағдай департаментінің жұмсаған қаражатының тиімсіздігі. Өйткені, қазір барлық жерге шыққан, жер сілкінісі туралы алдын ала хабар беретін жүйеге 1 миллиард теңге жұмсады. Соңғы келісімшартты 2022 жылдың маусым аяғында жасап, соңғы төлем 2023 жылдың қазан айында болған екен. Жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асатын қаржы бөлінген, ақша төленген. Сол ақшаға 28 сейсмостанция қоюы керек еді. Осындай жағдай болғанда олар бірден алдын ала хабар береді. Қаншама қаражат бөлінді. Бірақ бізге "Гугл" мен "Андройд" хабарласты. Америкадан бірінші хабарлама жетті. Олардың жүйесі бізден қымбат деп айта алмаймын", - дейді ол.
Журналистің: "1 миллиардқа құрылғы алынған ба?" - деген сауалына спикер: "Күмәнім бар", - деп жауап берді.
"Біріншіден, бұл келісімшарт бір көзден жасалынған. Екіншіден, бұл келісімшартқа қол қойған бұрынғы департамент басшысы басқа іс бойынша сотталып, кейін ақталып шықты. Руслан Қасыбаев бірақ бұл келісімшартқа қол қойған. Үшіншіден, компания артында Нұралы Әлиев тұр...
...Ол компанияда жұмыс істеген кезінде келісімшарт жасалды", - дейді Дидар Смағұлов.