Bugin
Фото: freepik.com
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров жаңа жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Қырғыстан Республикасының Президенті Facebook парақшасында мәлім етті.
"Құрметті қырғызстандықтар! Сіздерге жаңа жарлық туралы айта кетейін, бұдан бұрын елімізде мемлекеттік бағдарламамен тек мемлекеттік жұмыс жасаушылар баспаналы болатын еді. Бұдан былай үйді базарда істей ме, басқа жұмыс жасай ма, бәрі ала алады.
Мемлекеттік қызметкерлер 20-25 жылға ипотекамен баспаналы болып жатыр еді. Енді еліміздің барлық азаматы баспаналы бола алады", - деді Садыр Жапаров.