Bugin

Ер адам өзін "оралман" дегені үшін бөтелкелесін пышақтап өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

33 жастағы азамат отырыста өзін "оралман" деген ер адамды пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Bugin.Kz порталы Stan.Kz сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға сотталушы А.Энгельс пен марқұм сыраханада демалып отырғанда болған. Екеуінен бөлек жанында үш қыз бір ер адам болған көрінеді. Іс материалдарына сәйкес біреуі қатты мас болып, екіншісін ел алдында “оралман” деп балағаттай бастаған. Бұл сөз досына жақтасқан сотталушының да намысына тиген. Сыраханадан шығып, көшеде дауласқан олар ақыры төбелесіп, оның соңы адам өліміне әкеп соқты. Айыпталушы А. Энгельс қарсыласының кеуде тұсына пышақ сұғып, марқұм оқиға орнында көз жұмды.

2023 жылдың маусым айында Жетісу облыстық соты ер адамды 11 жыл бас бостандығынан айырды. Тексеру барысында сотталушының қылмыс жасаған кезде жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Қасақана кісі өлтіргені үшін қылмыскер қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтеп қана қоймай, марқұмның әкесіне 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге тиіс.