Bugin
Фото: Instagram/assanali.ashimov
Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, ордендерін және өзге де заттарын архивке тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Асанәлі Әшімовтың жеке қоры архивке 438-ші болып тіркелді. Құжаттар саны 200-ден асады. Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары архивтегі заттарды алдын-ала өтінім беру арқылы көре алады. Қазақстанның Еңбек Ері біз ары кетсе жүз жасармыз, ал бұл заттар мың жасайды дейді.
"Бұл деген сөз - тарих. Келешекке керек. Келешек ұрпаққа керек. Әр қойылған экспонат бұл тарихи еңбектерің сенің жазған. Түскен суреттерің. Фильмнен, театрдан кадрлер бар. Мұның барлығы тарих", - деді Асанәлі Әшімов.