Bugin
Фото: Depositphotos.com
«Өзенмұнайсервис» ЖШС Өзен кен орнында жазатайым оқиға болып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Маңғыстау облысындағы «Өзен» кен орнында бір қызметкер қайтыс болды. Қайғылы оқиға 2024 жылы 27 қаңтарда түнгі ауысымда болған.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтау, алдағы уақытта мұндай жағдайларды алдын алу үшін мемлекеттік еңбек инспециясының жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдай жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС мен «Өзенмұнайсервис» ЖШС басшылығының ерекше бақылауында, - делінген мәліметте.
Жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС жазатайым қаза болған жұмысшының отбасына қажетті материалдық көмек көрсетуге дайын екенін айтты.