Bugin
Фото: Ақмешіт жастары
Ақталып шыққан шенеунік қайта "айыпты" деп танылып, бас бостандығынан айырылды. Шымкент соты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жазалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Otyrar.kz-ке сілтеп.
Экс-басшыға тағылған айыпты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин хабарлады.
"Естеріңізге сала кетейік, бірінші сатыдағы сот мегаполистің әлеуметтік маңызды бағыттарында жолаушылар тасымалына субсидиялауға жәрдемдесу үшін ЖШС өкілінен 13 миллион теңге алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қоқанбаевты ұстаған", – делінген ресми ақпаратта.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаев өткен жылдың қараша айында ғана ақталып шыққан болатын. Дегенмен шенеуніктің ісі сот қаралымында болып, 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды