Bugin

ШҚО-да екі жасөспірімнің не үшін өзіне қол салғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: stunt-effects.ru

Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы 37 жасөспірім суицид жасағаны белгілі болды. Психологтар мен құзырлы орган қызметкерлері балаларға мұқият болып, олармен сырласу керегін айтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

2023 жылдың аяғында Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое және Күршім ауданында екі суицид дерегі тіркелген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлап отыр. 

Дабыл қаққан құзырлы орган өз өмірін ерте қиған жасөспірім қыздардың хат жазып қалдырғанын айтады. Өлер алдындағы хатта қыздардың жауапсыз сезімі туралы жазылған. Ал қайғылы оқиғаға ешкімді жазғырмауын сұраған.

"Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауына немесе суицидке баруына көбіне ата-анасымен, өгей әкесімен немесе қамқоршымен арадағы жанжалдар себеп болады. Аталған себептерге байланысты 11 дерек тіркелді. Эмоциялық күйзеліс пен жауапсыз махаббат 6 жасөспірімнің өліміне себеп болды. Оқудағы қиындықтарға байланысты 2 дерек тіркелді. Қылмыстық жазадан қорқу, жақындарынан айырылу немесе жай ғана өмірден баз кешу секілді түрлі себеппен 10 дерек тіркелді", - дейді ШҚО ПД тергеу бөлімінің жетекшісі Дәурен Имандиев.