Bugin

"Балам, қайдасың?". Әйел 15 жыл бұрын жоғалған баласын іздеп жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Жаңа қадам" бағдарламасы

Павлодар қаласының тұрғыны 15 жылдан бері баласын іздеп шарқ ұрған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жаңа қадам бағдарламасына баласын іздеген ана хабарласып, мұңын айтқан. Павлодарлық тұрғын Шәкен Жауынбаева 15 жыл бұрын жоғалған баласын іздеп жүр. 

1980 жылы дүниеге келген ұлы Дулат Жауынбаевты іздейді. Ол 2005 жылы әскерден келіп, Павлодардағы Ақсу ферроқорытпа зауытына қызметке орналасқан. 2007 жылдың мамырында әріптестерімен Ертістің жағасына демалуға кеткен азамат қайта оралмапты. Содан бері арада 15 жыл өткен. Дулаттың ата-анасы мен туыстары жоғалған баласының табылатынына үміттеніп отыр. 

Анасының айтуынша қазір қырықтан асқан азамат үйленбеген. 

"Баламның жоғалғанына біраз жыл болды. Қайғы деген оңай емес. Балам 2007 жылы 10  мамырда жұмыстан үш досымен үйіне келді. Астында машинасы, басында баспанасы бар. Арақ ішкенін, темекі тартқанын көрген емеспіз. Өзі жалғыз ұл еді. Отбасымызға өте ауыр тиді бұл жағдай. Бәрімен тіл табысқыш еді балам. Баланы күтіп жүргенімізде қыздарым оның жоқ екенін айтты. Өзім Ақсуға бардым. Іздедік. Күйеуім бұл хабарды естіп, жылады. Ер азаматтың жылағаны қиын ғой. "Үйлен" деп жиі айтушы едік. Осы жағдайға ұшырап қалды. Он бес жылдан бері денсаулығым да қалмады", - дейді Дулаттың анасы Шәкен Жауынбаева.