Bugin

"Неге мені тастап кеттіңдер?": Шетелдегі қазақ баласы өзінен бас тартқан ата-анасын көруге асық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Шетелдегі қазақ балалары"

Испаниядағы қазақ баласы өз елін сағынатынын, биологиялық ата-анасымен жүздесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасының кезекті кейіпкері - Испаниядағы Ақылбек. Қазіргі есімі - Луис.

Оны асырап алған испандық әйелдің айтуынша, баланың қандай жағдайда жетім қалғаны белгісіз. Асырап алған анасының айтуынша баланың биологиялық анасының тек аты белгілі. Сәби өмірге келген соң оны перзентханада қалдырған. Осылайша Ақылбек жетімдер үйінде өскен.

"Егер өзімнің туған ата-атамды тапсам олардан сұрағым келеді: "Мені не үшін тастап кеттіңдер? Себебі бар ма?" деп сұрар едім", - дейді қазақ баласы.

Испаниядағы қазақ баласы тастап кеткен ата-анасына сәлемдеме жолдады.

"Менде бәрі жақсы. Менің денім сау, бақыттымын! Егер сол кезде тастап кетпегендеріңде қазіргі отбасыма жолықпас едім. Мен өз отбасыма ризамын. Болашақта келіп танысқыларың келсе мен кездесуге дайынмын. Өз сұрақтарымды қоямын. "Неге мені тастап кеттіңдер? Жағдайларың қиын болды ма? Менің басқа туыстарым, бауырларым, қарындастарым бар ма?", - деді Луис (Ақылбек).

Бағдарламадан Ақылбектің террасасында өсімдіктер жайқалып тұрғанын байқауға болады. Тіпті баланы асырап алған ерлі-зайыптылар оның биологиялық анасының құрметіне де  жеміс ағашын өсірген екен.