Bugin

Нұрқаділовтен жай ғана уақытта миллион доллар ұрланған: журналист тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

 

"Уақыт көрсетеді" бағдарламасына журналист Қасым Аманжол сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым Аманжол "Азатты" радиосының Қазақстандағы филиалының басшысы. 2024 жылы билік "Азаттықтың" 36 журналисіне аккридитация бермей қойған.

"Шынның жүзі" бағдарламасын жүргізген кезде көптеген адамдармен сұхбат құрған журналист кей видеолар жарыққа шықпай жатқанын айтты. Заманбек Нұрқаділовпен сұхбаты да қазір жоқ екен.

Заманбек Нұрқаділівті өлтіруге тапсырымс бергенін сұрғанда, ол білмейтінін айтты.

"Кім тапсырыс берді. Қалай болды? Түрлі болжамдар айтылады",-деп журналист басқа тақырыпқа ауысып кеткісі келді.

Әңгіме ауаны қайта айналып келгенде, Қасым Аманжол:

"Иә, ол қаза болды. Өкінішті. Обал. Иә, ол тура айқасып Назарбаевпен, Назарбаев жүйесімен дейікші жарайды күресіп жүрген кезінде қайтыс болды. Сол себепті оның атағы айтылатыны рас. Бірақ әр нәрсеге әділ баға бере білуіміз керек. Заманбек Нұрқаділов кейбір әріптестері, замандастары айтқандай, демократияның, оппазицияның, Қазақстандағы азаматтық қоғамның ұлы тұлғасы болды деп айта алмаймн. Ол өз заманының азаматы еді, өз заманында күрескен азамат болды, өз заманында жаулары болды, достары болды. Жақсы бір дәурен сүрді. Өзі айқасып, қажасып жүріп қаза болды. Оны Қазақстандағы сөз бостандығы үшін, демократия үшін, ұлы мұраттар үшін қаза болды деп айту артықтау. Өте қайшылықты тұлға болды. Қаза боларының алдында үйінің жертөлесінен  1 миллион доллар ақшаны ұрлап кетті. Күзетшісі ма біреулердің қатысы бар деді. Артынан іс қозғалды. 1 миллион доллар. Қолма-қол ақша. Енді өзіңіз елестетіп көріңізші, Қазақстанда мынадай сұррақтар қойылмайды да 1 күн бизнеспен айналыспаған бюджет қызметкерінің подвалында 1 миллион долар  сейфінде жатады? Сол кезде сұрақ қойылғанда, ол Мақпалдың гонарары деп жауап берді. Енді мен ойламаймын,  ол кезде тойда немесе қазақша ән айтқан концертте ол кісі миллион доллар жинап қойды деп. Үйінен жай ғана уақытты ұрлап кетеілген 1 миллион доллор оған қайдан, қалай келді? Егер адал күрескер, шындық үшін күрескен кейбір адамдар елестетіп жүргендей әділеттің символы болса, оның үәнде миллион доллар шашылып жатпас еді ғой. Аронның үйінен миллион доллар табылғанын елестете алар ма едіңіз?",-деді ол.