Саясат

Мемлекет басшысы: Президент халықтың таңдауымен сайланады

Мәлімдеме

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне кепілдік берді. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасыsputniknews.kzсайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін. Бұл менің берік ұстанымым", - деді Тоқаев ел халқына арнаған үндеуінде.

Президент алдымызда зор міндеттер тұрғанын, Қазақстан халқына сенім артатынын айтты.

"Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61