Bugin

Енді кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының үстінен шағымдана алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Тәжікстанда "Бала құқықтарын қорғау туралы" заңға бірқатар түзетулер енгізілді. Енді баланың құқығы бұзылған жағдайда өз пікірін өз бетінше айта алатын бала қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан қорғауға жүгінуге құқылы. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Азия Плюс” агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген түзетулердің мәтіні еліміздің Әділет министрлігінің құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

"Баланың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 14-бабы мынадай мазмұндағы екі сөйлеммен толықтырылды:

- Баланың өз пікірін білдіру құқығы оның жасына байланысты шектелмейді. Балаға өз пікірін Тәжікстан Республикасының заңнамасы шеңберінде өзі қалаған нысанда білдіру мүмкіндігі берілуі керек.

Заң сондай-ақ «Баланың қорғалу құқығы» деген жеке баппен (11/1) толықтырылды.