Bugin
Фото: "Егемен Қазақстан" сайтынан
Бақытжан Сағынтаев жаңа жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 ақпанда Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісті. Тиісті шешімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2023 жылғы 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қабылдаған.
"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың мемлекеттік және халықаралық қызметте үлкен тәжірибесі бар. 2022 жылғы 1 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) болып жұмыс істеді. Бұған дейін ол Қазақстанда бірқатар жоғары мемлекеттік қызметтерді атқарған, оның ішінде 2016-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болған. "Құрмет" (2008), "Парасат" (2013), "Барыс" (2021) ll дәрежелі ордендерімен марапатталған",- делінген комиссияның баспасөз хабарламасында.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес, ЕЭК Алқасының Төрағасын ротация бойынша төрт жыл мерзімге Жоғарғы Кеңес тағайындайды.
"Ротация ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің атауы бойынша орыс әліпбиінің реті бойынша кезекпен жүзеге асырылады",- делінген хабарламада.