Bugin

Алматыда жан түршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скрин

Алматы-Шелек-Қорғас тас жолында жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 31 қаңтарда болған.

ВИДЕОНЫ МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ.

"Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының бойымен келе жатқан Toyota көлігінің 53 жастағы жүргізушісі жолда тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан көліктегі 47 жастағы жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ түрлі жарақат алған көлік жүргізушісі мен жолаушы Шелек стансасының ауруханасына түскен. Аталған фактіні Еңбекшіқазақ ауданының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі деп тіркеді" делінген хабарламада.

Алматы облыстық полиция департаменті қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61