Bugin
Фото: ашық дереккөз
Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек Жұмағұловқа қатысты Бельгия елшілігінен жауап келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Баланың анасы табылуына ат салысып жүрген журналист Қымбат Досжан “Бармысың, бауырым?” хабарының редакциясы Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне хат жолдағанын айтты.
"Хат мазмұнынында Жәнібек Жұмағұлов көмек сұрап Бельгиядағы елшілікке жүгінбегені жазылған. Бұл мәлімет бұған дейін де бізге белгілі болаты. Өйткені Жәнібектің айтуынша, бала 16 жасында асырап алған адамнан бөлек кетіп, кәмелет жасқа толғанда, тіпті, Испанияға кетіп қалған. Сондықтан Эдди Жан Қазақстанға анасын іздеп, Испаниядан келген болатын.
Елшілік хатындағы екінші мәлімет: Vlaams Centrum voor Adoption Фландрияның Бала асырап алу орталығы өкілінің хабарлауынша, Жәнібектің асырап алынуы асырап алу агенттіктерінің қатысуынсыз, жеке (тікелей) болды. Сондай-ақ осы Орталықтың өкілі бұл бала кәмелетке толғандықтан, қандай да бір есептерді/ақпаратты сұрауға немесе осыған байланысты одан әрі қадамдар жасауға құқы жоқ дегендей жауап алдық", - деді Қымбат Досжан.
ВИДЕОНЫ МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: