Bugin

Қауіпсіздік сақталмаған. Фельдшерлер түрмедегі сотталушыдан таяқ жеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: uralskweek.kz

Батыс Қазақстанда ақ халаттылар сотталушыдан таяқ жеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24.kz-ке сілтеп.

Түрмеде науқастарды емдеп, көмек қолын созатын дәрігерлердің қауіпсіздігін сақталмай отыр. Оның бір дәлелі - №28 жазасын өтеу мекемесі.

Темір торда 3 фельдшерге сотталушы азамат қол көтерген. Жапа шеккендер бар болғаны қылмыскердің тамырына дәрі тамызуды сұраған. Дәрігер азаматтың бүйрегінде тас бар екенін ескертіп оған басқа ем тағайындаған болып шықты. Диагнозбен келіспеген жазасын өтеуші медицина қызметкерлерін соққыға жығып, жұдырық жұмсаған.

"Мен сырттан келдім. Маған дейін инцидент болып, алып кеткен екен. Мен келгенде жалғыз өзі қайтып келіп тұр емін-еркін. Бірге алып кетті де кісенмен, кісенсіз қайтып келіп тұр ғой. Мен де келіп тұрмын, келді де мені бір ұрып құлатты. Кірмейміз енді, не үшін кіреміз? Біреуі келіп бірдеме тығып алса қайтем", - деп наразы фельдшер.

Ал №2 қалалық емхана директорының орынбасары сотталушының соққысынан кейін 3 қызметкер де жарақат бөліміне барғанын айтады.

"Амбулаториялық ем тағайындалды. Үшеуі де қазір еңбекке жарамсыздық парағын алды. Біреуінің еріні жырылған, енді бірінің ішіне тиген соққыдан кеудесі қанталап кеткен, үшіншісінің иығы көгерген. Олардың барлығы да күнделікті жұмысын істеп жатқан еді. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен түрме басшылығы да болған оқиғаға қатысты ақпарат беруден бас тартты. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Фельдшерлерге қол көтерген сотталушының үстінен қылмыстық іс қозғалды(, - деді Әмина Дармағамбетова.

Ал дәрігерлердің сөзінше, жеке бас қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген түзеу мекемесіне кіру тіпті қорқынышты. Олардың талабы - көмекке шақыратын дабыл кнопкасы мен ақ халаттылардың қауіпсіздігіне жауап беретін офицерлердің берілуі.