Bugin

Ауыр соққы болды: Ер адам дүкендердің бірінде кішкентай қызды өлтіруге оқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Уголовная Амнистия

Ер адам сауда үйінің бірінде кішкентай қызды өлтіруге оқталған. Ол ата-анасымен бірге жүрген баланың басынан ұрып, ес-түссіз қалдырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Полиция Курск облысындағы дүкенде баланы ұрған ер адамды ұстап үлгерген. 

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Ер адамның жеке басы анықталды. Ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді", - деп нақтылады ІІМ баспасөз қызметі.

Балаға қол көтерген айыпталушы ішімдік ішіп, мас күйде болған. Ақпарат көздеріне сәйкес, оқиға "Пятерочка" желісінің дүкенінде болған.

9 қаңтарда болған оқиғаны ер адам мойындап, ісіне өкінетінін айтқан. Ол қызды өлтіруге оқталып, дене жарақатын салған. 

Тергеуде бейәдеп қылық жасаған азаматтың Қырғызстан тумасы екені анықталған.