Саясат

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!

Оян, Қазақ. Міржақып атамның XX ғасырдың басында айтқан бұл өлеңі, бұл қанатты сөзі өз күшін әлі жойған жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Ақынның хаты өлмейді дегенмен атамның бұл сөзінің әлі күнге дейін өз мәнін жоймауының көптеген себептері бар. Бұл жыр жолдары өзінің өзектілігін Патша үкіметі кезінде де, Сталинге табынған заманда да, ашаршылық жылдарында да, 1986 жылғы желтоқсан ызғарынан кейін де өз мәнін жоймады.

1991 жылы тәуелсіздіктің таңы атқан бұл елдің халқы әлі неге тәуелді? Санасын Міржақыптың жырлары әлі оята алмағаны ма? Міне, мені мазалайтын осы сұрақтар .

"Қазақстан тәуелсіздікті өз еркімен алмады, алуға мәжбүр болды" деген екен бір пәтшағар. Әрине бір айтқанға ақылға қонымсыз сөз. Сан жылдар бойғы ұлттың көтерілісін, ең берісі 1986 жылдағы жастардың көтерілісін қайда қойды екен деген ой басыма бірден келді. Әр сөзін ойланып сөйлейтін бұл кісінің мұндай сөз айтуын күтпедім.

"Қазақстан тәуелсіздік алуды қаласа тәуелсіздікті 1991 жылдың соңында емес, одан бірнеше жыл бұрын алуы керек еді. Оған дәлел қазақ өз тәуелсіздігін кеңес елдерінің ішінде ең соңғы болып алуы"-деп мені біраз ойландырып тастады. Шынына келгенде Ресейдің бізден бұрын тәуелсіздік алуы да бұған бір дәлел еді. Бұл кісінің сөзінен Қазақстан деп жалпы айтып тұрғаны, сол кездегі қазақтардың басшылары екен ғой деген де ой келді. Ал енді қандай жағдай болмасын өз тәуелсіздігімізді алдық. Егемен елге айналдық. Жәнібек Қожық ағамның "Аштық көрген халық шүкірге тоймайды. Бодандықтан босаған ел жалтақтауын қоймайды" деген сөзі қазіргі қазақтың жағдайын ашып тұрғандай.

"Егер сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады" деген де жақсы сөз бар еді.

Сөз соңында Міржақып атамның өлеңімен аяқтағым келеді:

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61